"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Калининское ауылының негізгі орта мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Калининское отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 сыныпқа қабылдау туралы ақпарат

04.04.2025

1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау басталды.
Оқу-ағарту  министрлігінің ақпараты бойынша, балалар ата-аналарының өтініші бойынша 6 жастан бастап мектепке қабылданады. Құжаттарды egov.kz электрондық үкімет, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ қағаз түрінде 31 тамызға дейін тапсыруға болады. Өтініштер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
Қажетті құжаттар тізбесіне:
- ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
- №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у баланың денсаулық паспорты;
- өлшемі 3х4 см сурет (2 дана)
Ал егер сіз шетел азаматы болсаңыз, онда ата-аналар немесе басқа да заңды өкілдер Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруға тиіс. Мектепке қабылдау үшін Қазақстанда тұрақты тұру құқығын растайтын құжаттарды, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тіркеу құжаттарын ұсыну қажет.
Бүгінгі таңда Ақмола облысында 536 мектеп жұмыс істейді, оның 6 жекеменшік.
2025-2026 оқу жылында бірінші сыныпқа 13 мыңға жуық бала барады деп күтілуде.

Просмотров: 108


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст