10 сәуірде мектепалды және 2-3 сынып оқушылары арасында "Космонавтика күніне"арналған сынып сағаты өткізілді.
Бұл іс-шараның мақсаты:
- Балалардың ғарыш және ғарышкерлер туралы түсініктерін жүйелеу және кеңейту;
-- Жердің жасанды серіктерімен және олардың қазіргі адам өміріндегі рөлімен таныстыру.
Сынып сағатында әңгіме барысында оқушылар 1961 жылы 12 сәуірде әлемде алғаш рет"Восток" ғарыш кемесінде планетаның алғашқы ғарышкері - Юрий Алексеевич Гагарин ұшқанын білді.
56 жыл бұрын жаңа дәуір - ғарышты игеру дәуірі басталды. Әңгімеден кейін оқушылар ғаламның ғарыштық кеңістігінде қызықты виртуалды саяхат жасады, ғарышкерлер ойнады, жұлдызды жұмбақтарды шешті.
Іс-шара соңында "космонавтика күніне"арналған суреттер көрмесі өткізілді.
Жауапты: Садрединова М.Л., Киндякова Н. С.