"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Калининское ауылының негізгі орта мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Калининское отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мың бір мақал

01.05.2017

Сыныптан

тыс іс-шара «Мың бір мақал» сайысы

Тақырыбы: «Мың бір мақал» сайысы

Білімділік:. Халық ауыз әдебиетін пайдаланып,оны орынды қолана

білуге, асыл сөздері мақал-мәтелдерді жаттай білуге, оны күнделікті ауызекі

сөйлеу тілдеріне қолдана білуге баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген

сүйіспеншілігін, тіл  байлықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды туған елін, жерін , құрметтей білуге тәрбиелеу.

Күтілетін

нәтиже: Мақал –мәтелдерді жатқа біледі,оны орынды қолдана алады,  топ алдында  сөз жүйесін таба алады.

Түрі: интеллектуалды жарыс сабағы

Көрнекілігі: интерактивтік тақта, мақал-мәтелдер оқулығы т.б

Кіріспе.

Құрметті оқушылар, ұстаздар,  ойынға

қатысушылар! Бүгінгі біздің «Мың бір мақал» -деп аталатын сайысымыз тілдер күні

аясында өтіп жатыр. Алдымен сайысқа қатысып отырған топтармен таныстырып

өтейін.

І топ: 8-сынып оқушылары

ІІ топ.9 –сынып оқушылары

 Ойынымыз 5 турдан тұрады. Ойынға

қатысушыларды ойынның мақсатымен, жоспарымен таныстырып өтейін. Сайысты бағалау

үшін әділ –қазылар тобы өз орындарына шақырылады.

1-тур.Таныстыру

2-тур. Кім жылдам

3-тур. Жалғасын тап

4-тур. Мағынасын түсіндір

5-тур. Қорытындылау.

Мақал-мәтелдер  ата-бабамыздан қалған

өшпес мұра.Мақалдар халық ауыз әдебиетінің бір саласы. Мақалдар ой дәлдігімен, ықшамдылығымен

ерекшеленеді, даналық ой бір-ақ ауыз сөзбен айтылады.Мақал –мәтелдер халық

өмірінің барлық саласын қамтиды,тақырыптары әр алуан.

Негізгі бөлім.

I кезең бойынша әр топ өздерін таныстырулары керек.

Шарты:Әр оқушы өз аттарын, ұрандарын айтып өтеді. Таныстыруларының ішінде

мақал-мәтелдер болу керек.

Бірінші кезең бойынша қазылар алқасы 

бағаларын береді.


ІІ кезең.  «Кім жылдам».

Шарты: тақтада мақалдар тақырыбы

берілген , топтар өздері таңдаған тақырыптар бойынша мақалдар айтады .

Тақырыптары: Отан, еңбек, оқу, тәрбие туралы.

III кезең «Жалғасын тап». Берілген мақадардың  жалғасын табу.

1.Ер дәулеті------

2.Еңбек ерлікке жеткізеді---------

3.Еңбексіз іс бітпейді-----------

4.Еңбек түбі береке------------

5.Біліп тұрсаң да------------

6.Ұқыптының тоны тозбас-------------

7.Ауру қалса да---------------------

8.Жақсымен жолдас болсаң------------

9.Өнерлі жігіт өрде озар------------------

10.Өз білмегеніңді кісіден сұра-------------

IV.Мағынасын түсіндір. Бұл турда әр оқушыға мақал беріледі. Оқушы өзіне берілген мақалдардың мағынасын

ашып, түсіндіру  керек.

1.Сөз асылы-мақал

2.Жақсы сөз –жарым ырыс

3.Ер дәулеті –еңбек

4.Отан оттан да ыстық

5.Кім еңбек етсе, сол тоқ

6.Оқу түбі –тоқу

7.Күш –білімде

8.Көп біл, аз сөйле

9.Бейнетсіз рақат жоқ

10.Жақсы болсаң –жақын көп

V. Әр команданың жинаған ұпайлары саналып, қорытындыланады. Ұпайды көп

жинаған команда марапатталады.

 

 

Просмотров: 423


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст