Текст
3 маусым күні мектеп жанындағы "Күлкі" лагерінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері"тақырыбында викторина өткізді. Мақсаты: Балалардың Қазақстан туралы білімдерін бекіту, "азамат" ұғымын қалыптастыру, Отанға және мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау туралы түсініктерді дамыту, өзінің көпұлтты Отаны - Қазақстан Республикасы үшін махаббат пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу.