12 қыркүйекте Қазақстан халықтарының тілдер онкүндігінің жоспарына сәйкес оқушылар "Өзге тілдің бәрін біл – өз тіліңді құрметте"тақырыбында мақалалар жазды.
Өзге тілдің бәрін біл – өз тіліңді құрметте
Мен көпұлтты мемлекет Қазақстанда тұрамын.Қазақстанда қазақ тілі –мемелекеттік тіл.Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі,ол ата –бабамыздан қалған асыл мұра,тіршілік тынысы.Әрбір халықтың өз ана тілі болады.Туған тілін қадірлей білген халық өз елінің тарихын,салт-дәстүрін,мәдениетін сақтайды.Өйткені тіл болмаған жерде – ұлт бомайды.Туған тілді білу-әрбір Қазақстан азаматының парызы.
Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады.Қазақ тілін меңгерген адам қырғыз,өзбек,ұйғыр,тағы басқа түркі тілдес халықтың тілдерін түсіне алады.Мен жазғы демалыста Түркі еліне барып демалдым.Түрік тілін білмесем де,қазақ тілімен біраз ұқсастығын байқадым.Маған кейбір сөздер мен сөйлемдерді түсіну оңай болды.Болашақтағы үлкен мәселенің бірі бірнеше тіл білу. Менің ойымша,адам бірнеше тіл білсе,ол рухани бай адам болып саналады. Тіл арқылы басқа халықтың мәдениетін, дәстүрін үйренеді, басқа тілді үйрену арқылы танымы кеңейеді.Алда ұзақ күндер осы елде өткізетін болғандықтан,мен түрік тілін үйренуді ұйғардым.Бір ай ішінде көптеген сөздер үйреніп,түрік елінде өзіме жақын достар таптым,оларға қазақша сөйлеуді ұйреттім.Өзге ұлттын балаларымен жақын достасып,достығым берік болғанымен , бір түсінгенім,қазақ тілі әлемдегі бай және сұлу тіл екен.
Сондықтан мен өз замандастарыма «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп , ең алдымен өз ана тілімізді құрметтеуге шақырамын.Өйткені тіл-халықтын тағдыры.
Қайрлыұлы Дияс
Калининское ауылының негізгі орта мектебінің
6-сынып оқушысы