Салауатты өмір салты
Балаларға
жол ережесін үйретейік!
(Ата-аналарға
ақыл-кеңес)
Қоғам үшін
баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі- ең басты байлық . Сондықтан
мектепке дейінгі ұйымдарда жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде.
Статистика бойынша, өкінішке орай , жол апаттары көптеп болуда. Соның ішінде
балалардың жол апатына душар болуы жоғары көрсеткішті көрсетеді.
Сол себепті
балалардың өмірінің қауіпсіздігі дағдыларын мектепке дейінгі кезеңде
қалыптастыру қажет. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін
бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол
бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға
жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады. Жол тәртібін
бұзғандықтан кейбірулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері
жарақат алады. Кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Балалар
жолда жүру заңын сіз бен бізден үйренеді. Балалар үлкендердің жүріс-тұрысының
жақсы жағын да, жаман жағын да қабылдайды. Көп жағдайда балалар жолда жарақат алып,
түрлі жағдайға ұшырап жататыны көлік жүргізушілерінің ғана кінәсінен емес, ол
көбінесе балалардың жол жүру ережесін білмегендіктен болады. Балаларға жолда
жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс-тұрысын қадағалап,
балаларды көшеде болатын қауіпті жағдайлардан сақтандыру әрбір ата-ананың
міндеті.
Мектеп және
мектепке дейінгі мекемелерде балаларға арнап «Жолда жүру ережесі» тақырыбында
оқу іс-әрекеттері және түрлі шаралар ұйымдастырылып өткізіледі. Сондықтан әрбір
бала үйретілетін «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы іс-әрекетті мұқият тыңдап,
өткізілген іс-әрекеттен қорытынды жасап отыруға міндетті. Балаларды жолда жүру
ережелерімен таныстыру мақсатында ойындар, әңгімелер, серуен кезіндегі ойын
түрлері, конкурстар, сұрақ-жауаптарды кеңінен қолдану, балалардың жол ережесі
туралы түсініктерінің қалыптасуы мен білімдерінің жетілуіне көмектеседі.
Балаларды
жол жүру ережелеріне үйрету- ата-ана мен үлкендердің тұрақты, үздіксіз жұмысы.
Бағдаршам белгілерімен, жолда жүру ережелерімен, жаяу жүргіншілер жолы, көше
жиегіндегі жолдармен (тротуармен) таныстыруды жүзеге асыру көзделген. Балалар
өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін , оларды жол жарақаттарынан сақтау
үшін алдымен жолда, көшеде жүру ережелерін, жолда жүру тәртібін үйретуіміз керек.
Үйде ата-ана, мектепке дейінгі ұйымда балабақша тәрбиешілері бірлесіп,
балаларға жол ережелері туралы үйретер болсақ, балалар жол апатының алдын алар
едік.