Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Калининское отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"
"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Калининское ауылының негізгі орта мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республикалық акция өткізу туралы «Қауіпсіз мектеп ортасы»

2020 жылғы 10 тамыздан 25 қыркүйекке дейін акмола облысында «Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясы бастау алды, ол балалар мен ата-аналарға және қоғамға үйдегі, қоғамдағы, ғимараттар мен білім беру ұйымдарындағы және оның аумағындағы қауіпсіздік ережелерін еске салды.

Акцияның мақсаты: балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздіктің алдын алу шараларын жетілдіру.

Қатысушылар: мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, оқушылар мен жастар, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, педагогикалық, ата-ана, шығармашылық қоғам өкілдері, үкіметтік емес БАҚ ұйымдары және т. б.

Республикалық акция шеңберінде мектеп ортасында құқықтық сауаттылықты арттыруға, оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыруға және жауапты мінез-құлық дағдыларын және салауатты өмір салтын қалыптастыруға, Қауіпсіз мектеп ортасын құруға бағытталған іс-шаралар өткізіледі:

- Қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыру бойынша білім беру ұйымдарының жағдайына тексеру жүргізу;

- Пандемияға байланысты жағдайды ескере отырып, ауылдық жерлерде білім алушыларды мектепке және кері қауіпсіз тасымалдауды ұйымдастыру;

- Білім беру ортасының психологиялық қауіпсіздігі бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;

- Білім беру ортасының психологиялық қауіпсіздігі бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;

- Балалар мен ата-аналардың қатысуымен іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу.

Ішкі істер органдарының, өрт сөндіру қызметтерінің, Денсаулық сақтау органдарының қызметкерлерімен, ата-аналар қоғамдастығы және ҮЕҰ-мен бірлесіп түрлі онлайн-іс-шараларды, оның ішінде: көшеде, жолда, мектепте, балабақшада, үйде, сондай-ақ бейтаныс адамдармен қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру бойынша қауіпсіздік сабақтары өткізіледі. Осылайша, «Казцинк» компаниясы ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасымен, ШҚО білім басқармасымен бірлесіп, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталағының көмегімен бастауыш сынып оқушыларына көшеде, жолда, мектепте қауіпсіз жүріс-тұрыс бойынша жадынамалар әзірледі. 1қыркүйек Білім күнінде Алтай ауданының, Өскемен және Риддер қалаларының мектептерінде 25 257 жадынама табыс етілді.

Сондай-ақ, акция барысында жол қозғалысына қатысушыларды жолдарда ұқыптылыққа шақыру бойынша онлайн-флешмобтар, күнделікті өмірде және төтенше жағдайларда қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелерін зерделеуге қызығушылықты арттыруға бағытталған балаларға арналған онлайн-конкурстар, жолда қауіпсіз жүріс-тұрыстың білімі мен дағдыларын қалыптастыру, ЖКО-да зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету дағдылары, балаларға арналған сабақтар мен сынып сағаттары, ата-аналардың онлайн-жиналыстары, сынып жетекшілері, жалпы білім беретін мектептердің педагог-психологтары үшін балаларды буллинг пен кибербуллингтен қорғау бойынша өткізілу жоспарлануда

Жаңартылған күні: 10.09.2020 11:09
Құрылған күні: 10.09.2020 11:09

Текст